Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа бастама қолға алынды
Сайрам ауданы Қарамұрт ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында өрт сөндіру бекетін ашу мәселесі талқыланды.
Осыған орай жергілікті атқарушы органдардың және кәсіпкерлердің қатысуымен жиын өтті. Оның барысында өрт сөндіру бекетінің құрылысын жүргізу мәселелері жан-жақты қаралып, сапалы әрі қысқа мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Аталған бастама ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттырып, төтенше жағдайлардың алдын алуға зор мүмкіндік береді деп күтілуде.
Түркістан облысы ТЖД