«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясындағы өрт сөндіру бекеттері

«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясындағы өрт сөндіру бекеттері

Ауылдық елді мекендердің қауіпсіздігіне арналған маңызды қадамдар атқарылуда.

«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасын іске асыру мақсатында Түркістан облысында өрт сөндіру бекеттерін салуға арналған жер телімдері белгіленіп, құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Департамент басшылығының Отырар, Ордабасы, Түлкібас, Сайрам, Қазығұрт, Созақ, Сауран және Арыс аудандарында болған сапарында бекеттерді салу барысы егжей-тегжейлі қаралып, жергілікті әкімдердің және кәсіпкерлердің қолдауымен келіссөздер жүргізілді. Қолға алынған құрылыстар аяқталса, ауылдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, төтенше жағдайларға желдел ден қоюға мүмкіндік береді.

Бұл бастама ауылдық жерлердегі төтенше жағдайларды дер кезінде жою мүмкіндігін арттыру арқылы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.

Түркістан облысының ТЖД