Түркістан автопаркі жаңа көліктермен толықты

Түркістан автопаркі жаңа көліктермен толықты

Өрт сөндіру автокөліктері мен автобус есепке қойылды

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің автопаркі негізгі және арнайы өрт сөндіру техникаларымен толықтырылды. Материалдық-техникалық базаны нығайту аясында 2 бірлік КамАЗ-43118 АНР-150 және 1 бірлік КамАЗ-43118 АЦ-5/70 маркалы өрт сөндіру көліктері мен 1 бірлік заманауи автобус сатып алынды.

Аталған техникалар төтенше жағдайларда жедел әрекет ету, жеке құрамды қауіпсіз және жылдам тасымалдау, сондай-ақ көп салалы міндеттерді атқару мүмкіндігін береді.

Түркістан облысы ТЖД