Түркістан облысында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасын жандандыру жұмыстары жалғасуда

Түркістан облысында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасын жандандыру жұмыстары жалғасуда

Төтенше жағдайлар вице-министрі мен Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Түркістан ауылдарын аралауда

Төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасына сәйкес, Төтенше жағдайлар вице-министрі Рамиль Фаткулович Камалов пен Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Ерлан Аблайұлы Төрегелдиевтің Түркістан облысындағы жұмыс сапары жалғасуда.

Сапардың негізгі мақсаты — «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасын жандандыру, сондай-ақ өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру.

Іссапар барысында ауылдық елді мекендердерді аралау, жергілікті құтқару қызметтері мен өртке қарсы бөлімшелердің материалдық-техникалық жағдайымен танысу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, азаматтық қорғау саласындағы өзекті мәселелер қаралып, жергілікті билік өкілдерімен және жергілікті кәсіпкерлік субъектілерімен кездесулер өткізілуде.

Мұндай жұмыстар шалғай өңірлеріндегі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жедел әрекет ету әлеуетін арттыру және ауылдық деңгейде кәсіби құтқару құрылымдарының жұмысын күшейту мақсатында жүзеге асырылуда.

Түркістан облысының ТЖД