Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері «Қауіпсіз балалық шақ» акциясын өткізді.
Іс-шара барысында балалар мен ересектерге суға батып бара жатқан адамды құтқару және оған алғашқы дәрігерге деійнгі комек көрсету бойынша демонстрациялық қойылым, өрт сөндіру және құтқару техникаларын ашық көрмесін көрсету ұйымдастырылды. Балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері және судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары бойынша әңгімелер жүргізілді.
балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
судағы, көшедегі қауіпсіздік және тұрмыстық өрт қауіпсіздігі ережелерін үйретіңіз;
терезелерді жабыңыз;
оттан сақтаңыз;
суға жалғыз жібермеңіз.
Ал сіздің балаңыз қазір немен айналысуда?