Облыс аумағындағы сел, сырғыма қауіпті участкелерге аэровизуалды шолу жұмыстары жүргізілді.

Облыс аумағындағы сел, сырғыма қауіпті участкелерге аэровизуалды шолу жұмыстары жүргізілді.

Сел, сырғыма кезеңін қауіпсіз өткізу іс-шаралары жалғасуда.

Ағымдағы жылдың 28 маусым күні Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары З. Жолдасовпен Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник А. Тулешев ЕС-145 тікұшағымен облыс аумағындағы сел, сырғыма қауіпті учаскелерге және Сайрам-Су, Өгем, Балдыберек, Ақсу шатқалындағы теңіз деңгейінен 2500-3520 метр биіктіктегі мұздақ көлдерге аэровизуалды шолу жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижесі бойынша ұсынымдар мен тексеру актісі дайындалуда.
Бұл бағыттар бойынша жұмыстар жалғасын табуда.