Түркістан облысы өрт сөндіру кезекші қызметінде жөндеу жұмыстары атқарылды

Түркістан облысы өрт сөндіру кезекші қызметінде жөндеу жұмыстары атқарылды

Өрт сөндіру кезекші қызметі адам өмірін құтқара ғана қоймай, бөлім тазалығын, өрт техникалық жарақтарын және арнайы техникаларды жөндеп, күтіп ұстайды.

Бұл жұмыстардың басты мақсаты – өрт сөндіру техникалары мен өрт техникалық жарақтарын әрқашан сапалы әрі іске жарамды күйде болуын қамтамасыз ету. Өрт сөндіру қызметінің табысты жұмысы – тек жауынгерлік дайындық деңгейіне емес, сонымен қатар техникалардың, өрт техникалық жарақтарының сапасына да тікелей байланысты.

Жеке құрамның өз техникаларын және жарақтарын дер кезінде жөндеп, іске жарамды күйде ұстауы-қызметтің тиімділігін арттыратын маңызды факторы.

Түркістан облысы ТЖД