«Балалар қауіпсіздігі-басты назарда!»

«Балалар қауіпсіздігі-басты назарда!»

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында Халықаралық балаларды қорғау күніне ұйымдастырылған «Балалар қауіпсіздігі – басты назарда!» атты ауқымді іс-шара өткізілді.Іс-шараның мақсаты – балалардың өмір қауіпсіздігі мәдениетін дамытуға және қалыптастыруға, төтенше жағдайларда жүріс-тұрыс ережелерінің маңыздылығын түсінуге, алғашқы көмек көрсету және жарақаттанудың алдын алу дағдыларын дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Аталған іс-шара балалар мен ата-аналарды қауіпсіздік пен жақсылыққа арналған жарқын және балаларға қызықты, пайдалы, әрі керемет көңіл-күй сыйлайтынына сенімдіміз. Бұл күн бізге ең басты құндылық балалық шаққа деген қамқорлықты еске салады.

Бүгінгі іс-шарада құтқарушылар балалар үшін түрлі сайыстар, шеберлік сабақтар, флешмоб, көңілді концерттік бағдарлама және нағыз батырлардың қызметімен таныстырады.

Құрметті балалар және жас бүлдіршіндер сіздер еліміздің болашағысыздар. Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен адал достар тілейміз. Жазғы демалыстарыңыз шаттыққа толы жарқын сәттермен есте қалсын.
Сонымен қатар, жазғы демалыс кезінде судың жанында, табиғатта және үйде қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз.