Өзбекстан Республикасымен шекаралас Келес ауданының аумағында шартты табиғи өртті сөндіру бойынша оқу-жаттығу өтті
22-23 мамырда өткен «Өрт–2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының шеңберінде Келес ауданына қарасты Ошақты ауылдық округінде облыстық штаб құрылып, шұғыл әрекет ету мен ақпарат алмасудың тиімділігін арттыру жұмыстары іске асырылды. Жалпы, оқу-жаттығуға 335 техника, 1 118 адам жұмылдырылып, олардың орманды дала өртін сөндіруге дайындығы пысықталды.
Аталған іс-шараға облысымызға шекаралас орналасқан Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері қатысты.
Осындай трансшекаралық оқу-жаттығулар мен алгоритмдер алдағы уақытта бірлесіп әрекет ету іс-қимылдарын пысықтауға септігін тигізеді.
Түркістан облысы ТЖД