Жиында өтініштерді қараудың заңнамада белгіленген тәртібі, мерзімдері және жұмыстағы кемшіліктердің алдын алу мәселелері талқыланды.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 105-бабы бойынша келіп түсетін өтініштерді қарау тәртібіне арналған семинар сабақ өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілдері Абзал Сейітсұлтанұлы Қалдыбаев пен Әмірбек Бақдәулет Мұратбекұлы қатысты.
Семинар барысында Қылмыстық-процестік кодекстің 105-бабында белгіленген талаптарды сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, азаматтардан келіп түсетін өтініштерді заңнама талаптарына сәйкес қабылдау, оларды белгіленген мерзімде әрі сапалы қарау, сондай-ақ қабылданған шешімдердің негізділігіне назар аударылды.
Сонымен қатар, өтініштерді қарау барысында кездесуі мүмкін кемшіліктерді болдырмау, құжаттарды дұрыс рәсімдеу және осы бағыттағы жұмысты жетілдіру мәселелері талқыланды.
Семинар қатысушылары өзара пікір алмасып, қолданыстағы талаптарды тәжірибеде дұрыс қолдануға қатысты мәселелерді қарастырды.
Кездесу қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге тиісті тапсырмалар беріліп, өтініштерді қарау сапасын арттыруға және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты міндеттер айқындалды.
Түркістан облысы Келес ауданының Лесбек Батыр ауылында 272-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы жұмысын бастады. Бұл өртке қарсы құралым жалпы саны 24 мыңнан астам тұрғыны бар 13 елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бағдат Чайзада, Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, жеке құрам, ауыл тұрғындары мен қонақтар қатысты. Лесбек Батыр ауылындағы бекет жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен салынып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруға дайындалды.
Еріктілер үшін қажетті жағдайлар жасалған. Мұнда демалыс бөлмелері, ас үй, қызметтік үй-жайлар және өрт сөндіру техникасын орналастыруға арналған гараж бар. Бекеттің толыққанды жұмысын қамтамасыз ету үшін Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндіру автоцистернасын, өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін және радиостанция берді. Бекетте кезекшілік атқаратын еріктілер Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде тиісті даярлықтан өтті.
Лесбек Батыр ауылында өрт сөндіру бекетінің ашылуы оқиға орнына бөлімшелердің жету уақытын қысқартуға, төтенше жағдайларға жедел ден қоюды арттыруға және ауылдық аумақтың өрт қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Кентау қаласындағы өрт сөндірушілердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында жеке құрамға заманауи қорғаныс киімдері табысталды.
Кентау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің №12 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы жаңа үлгідегі жауынгерлік киіммен қамтамасыз етілді.
Арнайы қорғаныс киімдері өрт сөндірушілердің қызметтік міндеттерін қауіпсіз әрі тиімді орындауына арналған. Жабдықтар жоғары температура, ашық жалын, түтін және өрт кезінде туындайтын өзге де қауіпті факторлардың әсерінен қорғауға бағытталған.
Жаңа үлгідегі жауынгерлік киімдердің берілуі бөлімнің материалдық-техникалық жарақтандырылуын жетілдіруге және жеке құрамның еңбек қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Өрт сөндірушілер қызмет барысында түрлі күрделі жағдайларда жұмыс атқарып, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысады. Осыған байланысты олардың белгіленген талаптарға сай арнайы қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі қызметтік міндеттерді орындау кезінде маңызды рөл атқарады.
Жаңа жабдықтар өрт сөндірушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайларға ден қою кезінде олардың жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған.
«Арнайы автокөлікке жол бер» акциясы аясында жүргізушілерге арнайы көліктердің қозғалысына басымдық беру тәртібі түсіндіріліп, жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары.
«Қауіпсіз жол» акциясы барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Іс-шараға Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің гарнизон жүргізуші-қызметкерлері және жергілікті полиция қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметтік автокөліктердің қатысуымен орын алуы мүмкін жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтау жауапкершілігін арттыру және көлік құралдарын қауіпсіз басқару дағдыларын жетілдіру.
Акция барысында жүргізуші-қызметкерлерге көлік құралдарын басқару кезінде белгіленген жылдамдық режимін сақтау, жол жағдайын алдын ала бағалау, маневр жасау кезінде қауіпсіздік талаптарын орындау және басқа да жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, арнайы автокөліктердің шұғыл шақыртуларға шығуы кезінде олардың қозғалысына жол берудің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Арнайы жарық және дыбыстық сигналдары іске қосылған өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметтерінің көлік құралдарына жол бермеу төтенше жағдай орнына жету уақытын ұлғайтып, адам өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін екендігі түсіндірілді.
Жергілікті полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтау, жүргізушілердің жауапкершілігі және жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Өткізілген профилактикалық іс-шаралар қызметкерлердің жол қозғалысы қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін арттыруға, қызметтік автокөліктерді пайдалану кезінде тәртіпті қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталды.
Түркістан облысы Түлкібас ауданы ТЖБ-ның 36-өрт сөнгі бекетінде кітап бұрышы ашылды.
«Оқу мәдениетін дамыту және интеллектуалды халықты қалыптастыру шаралары туралы» 2026 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын жүзеге асыру, сондай-ақ қызметкерлер арасында оқу мәдениетін қалыптастыру, олардың адам капиталын дамыту, интеллектуалдық және мәдени әлеуетін арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында Түлкібас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі 36-өрт сөндіру постының әкімшілік ғимаратында қызметкерлерге қолжетімді кітап қоры құрылып, «Кітап бұрышы» ұйымдастырылды.
Шұбарсу ауылдық округінде тұрғындарға газ және жылыту құралдарын қауіпсіз пайдалану талаптары түсіндіріліп, үйлерге иіс газының датчиктері орнатылды.
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Шұбарсу ауылдық округінде аудандық газ инспекциясының мамандарымен бірлесіп, 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғындар арасында үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жылыту маусымы кезеңінде тұрғын үйлердегі өрттердің, газдан улану жағдайларының және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздік талаптарын сақтау мәдениетін арттыру.
Түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындарға газ жабдықтарын, жылыту пештері мен электр құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, жылыту пештерінің техникалық жағдайын алдын ала тексеру, мұржаларды уақытылы тазалау және ақаулы жылыту құрылғыларын пайдаланбау жөнінде ескертулер берілді.
Мамандар тұрғындарға көміртегі тотығынан (иіс газынан) уланудың негізгі себептері мен оның алдын алу жолдарын түсіндірді. Жылыту маусымы кезінде пештерді қараусыз қалдырмау, бөлмелерді тұрақты желдетіп отыру және газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі атап өтілді.
Қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында тұрғын үйлерге көміртегі тотығының (иіс газының) датчиктері орнатылды. Мамандар датчиктердің қызметі мен олар іске қосылған жағдайда тұрғындардың әрекет ету тәртібін түсіндірді.
Төтенше жағдайлар қызметі жылыту маусымында қауіпсіздік талаптарын сақтауға және пештерді, газ және электр жабдықтарын пайдалану кезінде барынша сақ болуға шақырады.
Түркістан облысының ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының инспекторларымен «Интергаз Орталық Азия» АҚ “Шымкент” МГҚБ ның Жер асты газ сақтау қоймасында оқу дабылы өткізілді
Жаттығу барысында 117-нұсқауыштық жерасты газ қоймасындағы №117 ұңғымадан газдың бөлініп шығуы жағдайы шартты түрде модельдендірілді, сондай-ақ гидравликалық құрылғыны қолдану арқылы жақын бұрыштық клапанды алып тастау және ауыстыру мәселесі бойынша жақын бұрыштық клапанды бағыттау жаттықтырылды. Персоналдың дабыл белгісін беру және адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялау әрекеттері жаттықтырылды.
Іс-шара аясында жауапты қызметкерлердің өзара іс-қимылы, өрт сөндіру құралдарының дайындығы, сондай-ақ авариялық жағдай туындаған кезде персоналдың әрекет ету тәртібі тексерілді.
Жаттығулық дабылдың қорытындысы бойынша қызметкерлерге анықталған кемшіліктерді жою және төтенше жағдайлар туындаған кезде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау бойынша тиісті нұсқаулар берілді.
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – өндірістегі авариялар мен жазатайым оқиғалардың алдын алудың басты шарты.
Түркістан облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасында құрылыс алаңдарында мұнара крандарын пайдаланатын кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерімен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өткізілді.
Жиын барысында соңғы уақыттары мұнара крандарымен байланысты орын алған оқиға, оның ішінде қауіпті өндірістік объектілердегі авария және жазатайым оқиға бойынша ақпарат ұсынылып, олардың негізгі себептері мен анықталған қауіп факторлары талқыланды.
Сонымен қатар, жұмыс жүргізу алдында крандардың техникалық жарамдылығын тексеру, жүк көтеру жұмыстары кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, іске қосу алдын техникалық куәландырудан өткізу, өндірістік бақылауды жүргізу туралы айтылып, кәсіпорын өкілдеріне мұнара крандарын пайдалану кезінде өнеркәсіптік талаптарын қатаң сақтау, анықталған кемшіліктерді жедел жою және өндірістік бақылауды күшейту жөнінде тиісті ұсынымдар берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарға мұнара крандарын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын күшейту, персоналдың қауіпсіздік талаптарын сақтау деңгейін арттыру және авариялар мен жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажеттігі жеткізілді.
Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа университет ректоры Жанар Амангелдіқызы Темірбекова мен Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Бағдат Темірболатұлы Чайзада қол қойды.
Меморандум азаматтық қорғау саласында білікті мамандар даярлауға, сондай-ақ студенттердің теориялық білімін практикалық тәжірибемен ұштастыруға бағытталған.
Келісім аясында студенттердің өндірістік практикадан өтуі, кәсіби тәжірибе алмасу, бірлескен кездесулер мен оқу іс-шараларын өткізу қарастырылған.
Тараптар Жол картасын іске асыру шеңберінде кадр даярлау және техникалық бағыттар бойынша бірлескен жұмысты одан әрі дамытуға келісті.
Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ инженерия факультетінің деканы Гулнур Казбекова мен Түркістан облысының ТЖД бастығының орынбасары Ақылбай Дайрабайұлының қатысуымен студенттермен кездесу өтті.
Кездесу барысында Жол картасын іске асыру шеңберінде оқу орнының мүмкіндіктері, мамандар даярлау бағыттары және ықтимал ынтымақтастық тетіктері таныстырылды. Болашақ мамандарға салалық қауіпсіздік негіздері және оқу-өндірістік практика тұрғысынан тәжірибе алмасу мүмкіндіктері түсіндіріліп, кәсіби қолдау көрсету жұмыстары жүргізілді.
ТЖМ жүйесінде жүргізіліп жатқан өзгерістер университет тарапынан, әсіресе инженерлік-техникалық бағыт тұрғысынан, жоғары қызығушылық тудыратыны атап өтілді.