СҚО ТЖД қызметкерлері Абай мұрасын насихаттауға атсалысты

СҚО ТЖД қызметкерлері Абай мұрасын насихаттауға атсалысты

Солтүстік Қазақстан облыстық Л.Н. Шухов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында ұлы ақын, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған тақырыптық семинар өтті. Іс-шараға ТЖ департаментінің қызметкерлері қатысып, қазақ халқының мәдени және рухани мұрасына деген қызығушылықтарын танытты.

Семинардың мақсаты – Абайдың шығармашылық және философиялық мұрасын насихаттау, оның идеялары мен ой-толғауларын тереңірек танып-білу. Іс-шара барысында ақын шығармаларынан үзінділер оқылып, баяндамалар ұсынылып, Абайдың өмірі мен еңбегіне арналған сирек кездесетін кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
себебі Абайдың мұрасы — ұлттық руханияттың негізі, жастарды отансүйгіштікке, тарих пен мәдениетке құрметпен қарауға тәрбиелейді. Қоғамның мәдени өміріне белсенді қатысу – ТЖД қызметкерлерінің тек кәсіби маман ғана емес, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды қадірлейтін азамат екенін көрсетеді.

СҚО ТЖ департаменті