РКШО «Өрт-2025»: ДАЙЫНДЫҚ №1!

РКШО «Өрт-2025»: ДАЙЫНДЫҚ №1!

Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуға дайындық аясында СҚО ТЖД-де жұмыс кеңесі өткізілді.

Оған төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссия мүшелері, облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің бастықтары, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің басшылары, СҚО ТЖД-нің басшылық құрамы қатысты.

Оқу-жаттығуға дайындық бойынша жергілікті атқарушы органдардың басқару органдары мен азаматтық қорғау қызметтері есеп берді.

Өрт қауіпті кезеңде төтенше жағдайларға ден қою деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Кеңесті басқарған департамент бастығының орынбасары, подполковник Мұрат Қанғожинов қатысушылардың назарын алдағы оқу-жаттығудың негізгі міндеттеріне, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау қажеттілігіне аударып, оны тиісті деңгейде ұйымдастыру мен өткізу маңызды екенін атап өтті.

СҚО ТЖД