СҚО-да Отан қорғаушылар күні аталып өтті

СҚО-да Отан қорғаушылар күні аталып өтті

олтүстік Қазақстан облысында халқымыздың қаһармандық тарихына және ата-баба ерлігіне тағзым ретінде Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

 Салтанатты рәсімнен кейін азаматтық қорғау қызметкерлері елорда — Астанадан көрсетілген әскери парадтың онлайн-трансляциясын бірге тамашалады.

 Су тасқынына қарсы іс-шараларға белсене қатысқан қызметкерлерге СҚО әкімінің алғыс хаттары мен құрмет грамоталары салтанатты түрде табысталды.

 Ел тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген барлық азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Ерлік, адалдық және елге деген сүйіспеншілік әрдайым күш-қуат сыйласын!