Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша семинар-кеңес өтті. Іс-шараны Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Сейітжанұлы Нукишев жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі Зайцева Светлана Николаевна қатысты.
Семинар барысында ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелері, жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету, адалдық мәдениетін қалыптастыру және жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын енгізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, әкімшілік және қылмыстық іс жүргізу салаларында жүйелі тәсілді енгізудің, заңнаманы жетілдірудің, ашықтықты арттырудың және барлық мүдделі тараптардың өзара іс-қимылының маңыздылығы атап өтілді. Бұл шаралар мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ықпал етеді.