Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мамандарының қатысуымен жиын өткізді.

Жиын барысында есепке алу-тіркеу тәртібін жүргізу мәселелері, әкімшілік және рәсімдік-процестік кодекстер нормаларының сақталуы, сондай-ақ 2024 жыл мен ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар органдарында өтініштерді тіркеу және есепке алу қағидаларының талаптарының орындалуы бойынша тексеріс нәтижелері талқыланды.

📌Анықталған бұзушылықтарды жою, статистикалық деректердің шынайылығын қамтамасыз ету және өтініштерді қарау заңдылығын сақтау мәселелері қаралды.

📌Іс-шара соңында осы есепті жүргізу және ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі жөніндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.
Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу — барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың қызметіндегі ең маңызды бағыттардың бірі. Дәл осы өтініштер арқылы халық өздерінің конституциялық құқығын жүзеге асырады.

#закон_и_порядок