Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментінің автопаркі 4 жоғары өтімді автокөлікті толықтырды.
24 мамырда СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің Петропавл қаласының № 3 өрт сөндіру бөлімінің алаңында 2024 жылы шығарылған «TOYOTA HELUX» автокөліктерін Департаменттің жедел бөлімшелеріне тапсыру өтті. Іс-шараға ҚР ТЖМ аумақтық органының, өрт сөндіру қызметінің және жедел-құтқару жасағының басшылық құрамы қатысты.
Департамент бастығы полковник Ерік Сарыбаев жүргізушілерге кілттерді тапсыра отырып, ведомство бөлімшелерін заманауи техникамен және жабдықтармен қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы ТЖ Министрі Чингиз Ариновтың рөлін атап өтті.
«Бізге облыстық әкімдік тапсырған заманауи жоғары өтімді автокөліктер өртті сөндіруге, авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған аппаратурамен және жабдықтармен жабдықталуы мүмкін. Бұл ТЖ жоюдың қиын жағдайларында бөлімшелер жұмысының тиімділігін арттыратын өте уақтылы көмек», - деп атап өтті Ерік Темірханұлы.
«Мен осындай қуатты заманауи техниканың маған сеніп тапсырылғанын мақтан тұтамын. Бұл күнделікті жұмыста, жедел сапарларда өте қажет. Бізге, құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге қамқорлық жасағаныңыз үшін көп рахмет!»,- деді № 3 өрт сөндіру бөлімінің аға нұсқаушысы Алексей Никишин.
СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы