Құрметті демалысқа шығарып салдық

Құрметті демалысқа шығарып салдық

«СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ акт залында салтанатты түрде зейнетке шығарып салу шарасы өтті.
Ағымдағы жылдың 13 мамырында акт залында Петропавл қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөлігін жүргізу бойынша аға нұсқаушысы азаматтық қорғау прапорщигі Ермек Хайроллаұлы Оразаевты құрметті демалысқа сый-құрметпен шығарып салдық. Ширек ғасырға жуық кәсіби қызметінде ол өртті сөндіруге талай рет қатысқаны сонша, санау қиын.
          Ермек Хайроллаұлы өрт сөндіруші қызметін бастаған күннен бастап жүргізуші болып қызмет етті. Жылдар өтті, көлік өзгерді, бірақ мамандығын өзгертпеді.
 Өрт сөндіру қызметінің бірінші басшысы Нүрлан Нүкішев зейнеткерлердің барлық еңбектері мен адамгершіліктерін өз аузымен айтып, жоғары кәсіпқойлықтары үшін өзінің алғысын білдірді.
 Барлық қызметкерлер өздерінің бұрынғы әріптесі туралы бір ауыздан жақсы пікірлер айтуда. Оны зейнетке шығуларымен құттықтап, мықты денсаулық пен үй ішінің амандығын тіледі.

«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» РММ,
                                               Қоғаммен байланыс тобы