Сәтті қызмет - бірлікте!

Сәтті қызмет - бірлікте!

Қазір барлық адамдар үшін су тасқыны кауіп төндіріп жатқан уақытта, адам мен жануарларға көмек көрсетіп жатқан ТЖ қызметкерлері апатпен қорықпай күресуде. Қазір СҚО Уәлиханов ауданында орын алған су тасқыны туралы бізге ТЖ бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Азамат Жәкенов айтып береді.
-Биыл Уәлиханов ауданындағы су тасқынының жағдайы қандай?
-Биыл Уәлиханов ауданында қар әдеттегіден 1.5 есе көп жауды. Су тасқыны басталған кезде су деңгейі 2 метрге дейін көтеріліп, Құлыкөл мен Қаратал ауылдары арасындағы жол шайылды. Қиындықтарға қарамастан, дайындық пен жедел іс-шаралардың арқасында біз су тасқынының алдын алдық.
-Су тасқынымен күресу үшін қандай нақты шаралар қабылданды?
-Халықпен өзара іс-әрекетті ерте бастап, бақылау кезеңін ұйымдастырдық. Біз қажетті шараларды жедел қабылдап, адамдарды эвакуацияладық. 29 наурызда келген департамент тобы бізге дер кезінде көмек көрсетіп, бірігіп Құлыкөл ауылындағы соқпақтың 1 шақырымнан астам жерін нығайту үшін 4200 қап жасадық.
-- Қабылданған шаралар арқасында қандай нәтижелерге қол жеткізілді?
-Су тасқыны басталған кезде біз оған дайын болдық. Біріккен күш нәтижесінде адамдар мен ауыл шаруашылық жануарлар аман қалды, Құлыкөл және Қаратал ауылдары құтқарылды.
-Мұндай дағдарыстық жағдайлардың алдын алу үшін халықпен қандай іс-шаралар өткізіледі?
-Біз қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін жеке құраммен, жергілікті атқарушы органдармен және еріктілермен алдын алу шараларын қоса алғанда, жыл сайын халықпен іс-шаралар өткіземіз. Біз сондай-ақ халықты ықтимал қауіптер туралы жедел хабардар ету үшін мобильді қосымшалар мен әлеуметтік медиа сияқты заманауи байланыс құралдарын белсенді қолданамыз.
-Сіздің ұлыныз артыңыздан із басып ТЖ саласына жұмысқа орналасқан. Ол туралы айта кетсеңіз.
-Иә, ұлым Алмас Кабдола бала кезінен бастап меннен үлгі алып, М.Габдулин атындағы академияға түсуге бел буады. Қазір департаментте ликвидации бөлімінде қызмет етеді. Лейтенант атағы бар.
-Сұхбатыңызға рахмет!
Төтенше жағдайлар қызметінің барлық қызметкерлерінің қажымас еңбегі мен су тасқынына қарсы күрестегі ерлігі үшін алғыс білдіреміз! Сіздің бірлескен күш-жігеріңіз көптеген адамдардың өмірін көмектесті. Амандық пен бақыт тілейміз!