Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында Есіл өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді.

Аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілді, сондай-ақ кейбір өңірлерде өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізіледі.

Су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, еріген суларды айдау, қапшықтарды инертті материалдармен төсеу, арналарды, арық жүйелерін жағалауды нығайту жұмыстары, адамдарды қауіпсіз орындарға құлақтандыру және эвакуациялау жалғасуда. Барлығы 730 549 текше метр су сорылды, 24 958 метр бөгет нығайтылды, 8 501 метр бөгет тұрғызылды, 8 501 қапшық төселді.

Су тасқыны басталғаннан бері 10 345 адам, оның ішінде 2 328 бала құтқарылды және эвакуацияланды. 44 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналастыру пункттерінде 688 адам, оның ішінде 109 бала бар. 3 805 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерге айдалды. «Жедел желі» телефондарына 180 қоңырау келіп түсті, психологтар зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсетуде.

Петропавл қаласында, Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов, Шал ақын, М. Жұмабаев, Айыртас, Есіл, Тимирязев, Қызылжар аудандарының елді мекендерінде 2083 жеке тұрғын үй мен 1115 аула аумағы су астында қалуда. 8 жол төсемі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыста болатын және азық-түлік пен дәрі-дәрмектің қажетті қорлары құрылған көліктік қатынасы жоқ 3 елді мекен бақылауда.

Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстары мен су тасқынына қарсы іс-шараларға 4862 адам және 909 бірлік техника, 495 су айдау құралы және 120 жүзу құралы, ТЖМ, Қорғаныс министрлігінің, ІІМ, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 3 әуе кемесі, сондай-ақ Астана, Алматы, Түркістан, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Ұлытау облыстарының ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі