Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайы туралы сағат 19.30-дағы ақпарат

Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайы туралы сағат 19.30-дағы ақпарат

Мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында   Есіл өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді.

Аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг, сондай-ақ кейбір өңірлерде өзендерде  мұз жару жұмыстары жүргізілуде.

Су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстары, еріген қар суын бұру, инертті материалдар салынған қаптар төсеу, каналдарды, арық жүйелерін жағаларын нығайту жұмыстары, құлақтандыру және адамдарды қауіпсіз жерлерге  эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. Жалпы  695 759 м3 су сорылды, 22 458 метр бөгет нығайтылды, 8 401 метр бөгет салынды, 204 036 қапшық төселді.

Су тасқыны басталғалы бері 5 295 адам, оның ішінде 1 538 бала құтқарылды және эвакуацияланды. 44 адам үйлеріне оралды.  Уақытша орналасу пунктеріне 1 058 адам, оның ішінде 222 бала орналастырылды. 3 390  ауыл шаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды. «Жедел желі» телефонына 180 қоңырау түсті, психологтар зардап шеккен адамдарға писхологиялық көмек көрсетуде.

Су жүрген 98 автожол, су шайған 107 автожол, оның ішінде 9 көпір және 100 жол төсемі бақылауда қалуда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 73 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.

Петропавл қаласында, Ғ. Мүсірепов, Шал ақын, М. Жұмабаев, Айыртау, Есіл, Тимирязев, Қызылжар аудандарының елді мекендерінде 910 жеке тұрғын үй, 1 010 аула аумағы су астында қалуда. 8 жол төсемі бақылауда қалуда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 73 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.

Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына және су тасқынына қарсы іс-шараларға ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 4 545 адам,   850 бірлік техника, 481 су сору және 117 жүзу құралы, 3 әуе кемесі, сондай-ақ Астана, Алматы қалалары, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Ұлытау облыстары ТЖД келген күштер мен құралдар жұмылдырылды.

 

СҚО ТЖД баспасөз қызметі