Қыркүйектің әр екінші жексенбісі Қазақстанда Отбасы күні тойланады.
Біздің қоғамда отбасы әрқашан рухани және мәдени дәстүрлерді сақтаушы, әр түрлі ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын болған және болып қала береді. Отбасы - әр адамның өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасында біз махаббатты, жауапкершілікті, қамқорлықты, құрметтеуді үйренеміз.
Отбасы күнін мерекелеу аясында кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ қызметкерлерінің отбасылары үшін спорттық мереке ұйымдастырды және өткізді. Бұл іс – шара «Ана, әке, мен - тату отбасы» атты көңілді старттар отбасылық командалардың жарысы болып табылады және отбасына деген құндылық қатынасты, өз отбасы үшін мақтанышты тәрбиелеуге, отбасылық қарым-қатынастың оң тәжірибесін қалыптастыруға, бірлескен шығармашылық қызметке ұмтылуға, балалар мен ересектердің өзара түсінушілігіне, өзара көмекке, өзіне және команда мүшелеріне жауапкершілік алуға бағытталған.
Көңілді мәрелер 2022 жылғы 22 қыркүйекте Петропавл қ.3-ӨСБ аумағында өткізілді. Шараға қалалық рту сөндіру бөлімшелері қызметкерлерінің 6 отбасы қатысты. 4 адамнан тұратын командалар бір отбасы мүшелерінен құрылды.
Спорттық-ойын бағдарламасы аясында қатысушылар кезек бойынша эстафетаны жүгіріп өту, ракеткадағы теннис добын алып өту, баскетбол добын меңгергендігін көрсету, арқан тартуда отбасының күші мен бірлігін көрсету қажет болды. Осы спорттық мерекеде орын алған достықтың, қолдаудың және мейірімділіктің жылы атмосферасын ерекше атап өту қажет.
Көңілді старттардың соңында қазылар алқасы қорытынды жасады. Жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын – Петропавл қ.3-ӨСБ қызметкері-жүргізуші Қайсар Еркінұлы Ескендір отбасының «Чемпиондар» командасы. 2 орын – Петропавл қ.5-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Ешім Қапарұлы Айтқұловтың отбасы «Құтқарушылар» командасы. 3 орын – авариялық-құтқару жасағының бас құтқарушысы Айжан Абайқызы Жұмабаеваның отбасы «Бекініс» командасы.
Қалған командалар түрлі номинациялар бойынша дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Бұл күні ешкім сыйлықсыз кеткен жоқ – жеңімпаздар өздерімен бірге адал жеңіп алған дипломдар мен сыйлықтарын алып кетті.
КСБ бас маман-полиграфологі
азаматтық қорғау подполковнигі К. Байғожа