СҚО ТЖД: «2021-2022 жылдардың қысқы кезеңіне дайындық»

СҚО ТЖД: «2021-2022 жылдардың қысқы кезеңіне дайындық»

Ағымдағы жылғы 25 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында Ресей ТЖМ Қорған және Омбы облыстары бойынша бас басқармаларының, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменттерінің, «Қазавтожол» АҚ, «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» және Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының жергілікті полиция қызметі өкілдерінің қатысуымен: «Мүдделі ұйымдардың өзара іс-қимылы және қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардың қауіп-қатерлеріне жедел ден қою» күн тәртібімен, бейне-селекторлық режимде кеңес өткізілді.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша қыс қарлы және температураның күрт төмендеуі, бұрқасын және жауын-шашынның жиі түсуі болады.  Қысқы кезеңнің келуімен адамдардың қауіпсіздігі туралы міндет өткір тұр, олардың бірі-жалпы пайдаланымдағы жолдарда автокөлік құралдарының тоқтауына жол бермеу, сондай-ақ халықты қар құрсауынан уақтылы эвакуациялау.

Кеңес барысында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар бойынша проблемалық мәселелер талқыланды, облыстардың диспетчерлік қызметтерінің өзара іс-қимылы, қауіп-қатерлерге жедел ден қою және туындаған төтенше жағдайлар мен оқиғаларды жою туралы мәселе қаралды.

Ақмола және Қостанай облыстарының лауазымды тұлғаларымен трансшекаралық жолдарды шектеу, жабу және мүдделі органдар арасында алдын ала өзара ақпарат алмасу, оны халыққа жедел жеткізу мәселелері пысықталды.  

Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары подполковник Мұрат Серікұлы кеңесті жаба отырып, осындай кеңестер мен кездесулер облыстар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайта түсетінін, қысқы кезеңдегі трансшекаралық ТЖ алдын алу және жою мәселелеріндегі өзара іс-қимыл деңгейін арттыратынын, ең бастысы халықты қысқы сипаттағы оқиғалардан қорғайтынын атап өтті.

 

 

СҚО ТЖД ТЖЖБ аға инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты

Ә. Сүйіндікова