Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары Ресей Федерациясының азаматын қар құрсауынан құтқарды

Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары Ресей Федерациясының азаматын қар құрсауынан құтқарды

22 қараша сағат 21.00-де. СҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне СҚО Уәлиханов ауданы Ақбұлақ селосынан 15 шақырым жерде жергілікті маңызы бар жолда «Шевроле Круз» жеңіл автокөлігі қар құрсауына түскені туралы хабарлама келіп түсті. Көлікті 1981 жылы туған РФ азаматы, Ақмола облысының Ақсу селосына жақын адамын жерлеуге асыққан жүргізушісі басқарған. Бұл жерді білмейтін ер адамға жағдай күрделене түскен «соқыр аймаққа» тап болған, онда байланыс жоқ болғандықтан өзінің нақты координаттарын айта алмаған. Алайда ол әйеліне Волгоград облысына қоңырау шалып, жағдай туралы хабардар етіп, көмек сұрап үлгерген. Ол өз кезегінде болған оқиға туралы РФ ТЖМ өңірлік басқармасына хабарлап, оның мамандары әйелге Қазақстан Республикасы ТЖМ-мен байланысуға көмектескен.

         Іздестіру-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру үшін Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөл селосында жедел штаб құрылды, оған Төтенше жағдайлар бөлімінің және Уәлиханов ауданының полиция бөлімінің өкілдері, жергілікті атқарушы органдар кірді.

         «Іздеу жұмыстары барлық 5 бағыт бойынша жүзеге асырылды, себебі сол жерде бірнеше ауыл жолдары болды. Ымырт кезінде, бір – біріне қарсы 7 көлік экипажымен 11 адам қозғалды-аудандық ТЖ Бөлімінің, полиция бөлімінің, аудан әкімдігінің қызметкерлері, Ақбұлақ және Телжан ауылдық округтерінің әкімдері. Жалпы  нәтижесінде 100-ден астам шақырым жүріп өтілді. Олар зардап шеккен көлікті тапқанша 4 сағаттан астам уақыт іздеді. Сүйреуге алып, Кішкенекөлге апарып, жылытып, қолдарынан келгенше көмектестік», - деп қысқаша, әскерлерше ТЖ бөлімінің бастығы Бауыржан Рахымжанов жүргізілген құтқару операциясына түсініктеме берді.

         Ол 40 жастағы құтқарылған адам қиын уақытта көмекке келгендердің барлығына, соның ішінде екі елдің жедел қызметтерінің қызметкерлеріне шын жүректен алғысын білдіріп, жүргізілген іздеулердің жылдамдығын атап өтті. Ол өз жолын туған селосына қауіпсіз жолмен жалғастырды.

         Ер адамның жұбайы телефон арқылы сөйлесу барысында СҚО ТЖД басшылығы мен мамандарына жүргізілген құтқару операциясы үшін алғыс айтты. Ол өзінің, үш баласынан және қайын енесінің  (түні бойы ұлынан жаңалық күткен) атынан шын жүректен ризашылық сөздерін жеткізді.

         Ағымдағы қысқы кезеңнің басынан бері бұл СҚО-да жақын шетел азаматына көмек көрсетудің алғашқы жағдайы.

         2020-2021 жылғы қысқы кезеңде ТЖ департаменттерінің, полицияның, ЖАО күштерімен адамдарды «қар құрсауынан» құтқарудың 94 жағдайы жүзеге асырылды. 639 адам құтқарылды (оның ішінде 3 бала).

         Төтенше жағдайлар департаменті қыс мезгілінде жолдарда қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Синоптиктердің болжамдарын мұқият қадағалап, ТЖ қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарындағы және «Дәрмен» мобильдік қосымшасындағы арнайы хабарламаларын («дауылды ескертулерді») елемей қалмаңдар.

         ТЖ қаупі немесе туындауы кезінде 112 телефон нөміріне қоңырау шалыңыз.

 

 

СҚО ТЖ департаментінің

жұртшылықпен байланыс

тобының бас маманы                                                        Евгений Журавлев