Құтқарушылар күні қарсаңында!

Құтқарушылар күні қарсаңында!

Құтқарушылар күні мен 19 қазанда аталып өтетін азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 26 жыл толу қарсаңында «СҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтері» ММ Петропавл қ. № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне «АДОН-Север» қоғамдық бірлестігінің ерекше қажеттіліктері бар балалар келді.

Мүмкіндігі шектеулі тәрбиеленушілер өртке қарсы қызмет мұражайына барып, ескі замандағы өрт сөндірушілердің қиындықтары туралы білді, сондай-ақ қазіргі заманғы өрт сөндірушілердің тұрмысымен танысты. Келушілерді «Ерлік бұрышы" Алматы-2 станциясындағы өртті сөндіру кезіндегі өрт сөндірушілердің ерлігі туралы, Чернобыль АЭС-індегі аварияны жою туралы әңгімелер қызықтырды. Қызметкерлер 2015 жылы қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Әбдірахманов Алтынбектің әріптесі қайтыс болғаны туралы ерекше өкінішпен айтып берді.

Өрт сөндіруші-құтқарушылар балалармен 1-МӨСБ ғимаратында экскурсия өткізді, оларды өрт сөндіру техникасымен, өрт сөндіру-техникалық жарақтармен, өрт сөндірушілердің киімі және олардың жабдықтарымен таныстырды. Өрт туралы хабарламалар қалай келіп түсетіні туралы, жиналу, кезекші ауысымның шығуы және төтенше жағдайларды жою орнындағы өрт сөндірушілердің жұмысы туралы айтылды.

Барлық іс-шаралар аяқталғаннан кейін оқытушылар құрамы 1-МӨСБ басшылығына алғыс хат табыстады, ал балалар өрт сөндірушілерге үлкен алғысын білдірді!

 

 

Петропавл қ. 1-МӨСБ бастығының у.м.а.

азаматтық қорғау подполковнигі М. Нұрғалиев