СҚО-да «Жер-2021» Халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы: Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда практикалық іс-шаралар пысықталды

СҚО-да  «Жер-2021» Халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы: Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда  практикалық іс-шаралар пысықталды

Ағымдағы жылғы 21-22 қыркүйек аралығында республика аумағында  «Жер-2021» Халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде, оның барысында Алматы облысында жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайды жою кезінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерінің іс-қимылдары пысықталуда.

Осы түрдегі  ауқымды ТЖ-да еліміздің әрбір өңірі авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстарын жүргізу, табиғи катаклизмнің салдарын жедел жою үшін күштер мен құралдарды жедел жібереді. Солтүстік Қазақстан облысынан құрамында 230 бірлік техника және жеке құрамның 1252 адамы бар 74 құралым теміржол, сондай-ақ автомобиль көлігімен жіберіледі. Облыстың күштері мен құралдарын топтастыру жер сілкінісі болуы мүмкін аймақта 14 тәулік бойы автономды режимде жұмыс істеу үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген (ЖЖМ, тамақ өнімдері, бірінші кезекте қажетті заттар, техниканы өз күшімен жөндеу жүргізу мүмкіндігі).

Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы оқу-жаттығу Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимское селосында, облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Әйтенұлы Аблалиевтің басшылығымен, облыстық қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдарының қатысуымен өткізіледі.

Оқу-жаттығу шеңберінде шұғыл ден қою жиынтық жасағын құру, шатырлы лагерьді және зардап шеккендерді қабылдау пунктін өрістету, қиратушы жер сілкінісі ауданына автоколоннаны жылжыту және теміржол платформаларына инженерлік техниканы тиеу бойынша бес практикалық іс-шара пысықталды.

«Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың, СҚО ТЖ департаментінің, шаруашылық жүргізу объектілері мен құралымдарының жедел сипаттағы міндеттерді шешудегі, Қазақстан Республикасының жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарына күштер мен құралдарды дайындау және жөнелту жұмысының үйлесімділігі мен тиімділігіне баға берілетін болады», - деп оқу-жаттығу барысына Департамент бастығының орынбасары, подполковник Мұрат Қанғожинов түсініктеме берді.

 

СҚО ТЖД ТЖ жою бөлімінің аға инженері

азаматтық қорғау лейтенанты                                         Әсел Сүйіндікова