«Жер-2021»Халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуларға дайындық

«Жер-2021»Халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуларға дайындық

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, жойқын жер сілкінісі туындаған кезде ТЖ жоюға күштері мен құралдарын даярлау мақсатында 2021 жылғы 21-22 қыркүйек аралығында «Жер-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған. Оқу-жаттығудың тақырыбы: «Алматы облысындағы қиратушы жер сілкінісі нәтижесінде туындаған ТЖ жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау».

Оқу-жаттығу 21-22 қыркүйек аралығында Ғ. Мүсірепов атындағы аудан  Новоишимское селосы.

Оқу-жаттығуларға дайындық шеңберінде ағымдағы жылғы 14 қыркүйекте Департамент бастығының орынбасары подполковник Мұрат Серікұлы Қанғожиновтың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында облыстың азаматтық қорғау қызметтерімен жұмыс кеңесі өткізілді.

Кеңес барысында Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Жер-2021» ХКШОЖ өткізу және дайындыққа қатысты мәселелер талқыланды.

 

СҚО ТЖД ТЖЖБ аға инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты

Ә. Сүйіндікова