Табиғи зілзалалар – халықтың қалыпты тіршілік қызметнің бұзылуымен, материалдық игіліктердің қиратылып жойылуымен, халық арасында мерт болғандардың болуымен сипаталатын апатты жағдайды тудыратын табиғат құбылыстары мен үдерістері. Табиғи зілзалаларға су басулар, циклондар, тайфундар, күшті құйындар, бұршақ, найзағай, жер сілкіністері, цунамилар, селдер, сырғымалар, жаппай орман және шым тезек өрттері, жанартаудың атқылауы, құрғақшылық, опырылулар, қар көшкіндері және т.б. жатады. Кейбір табиғи зілзалалардың туындауына (өрттер, опырылулар, сырғымалар) адам әрекеттері мүмкіндік туғызуы мүмкін. Бәрінен бұрын адамзат су басудан, циклоннан және жер сілкінісінен көп зардап шегеді.
Табиғи зілзалалар сан алуан түрлі болып келеді. Барлық табиғи үдерістердің арасындағы тәрізді табиғи зілзалалар арасында да өзара байланыс бар. Табиғи зілзалалар шығу көзіне қарамастан бірталай ауқымды және түрлі ұзақтықта сипатталады – бірнеше секундтан және минуттан (жер сілкінісі, қар көшкіндері) бірнеше сағатқа (селдер), күндерге (сырғымалар) және айларға (су басулар) созылуы мүмкін.
Әлемде адамдардың өмірі мен денсаулығына салдарымен қауіпті төтенше жағдайлар ауқымы мен санының көбею тенденциясы көрінуде. Ауқымы бойынша үлкен емес төтенше жағдайлар кезінде жергілікті өкімет органдары халықты тіршілік қажеттіліктерімен толық жағдай жасауға қабілетті. Алайда ірі ауқымды табиғи зілзалалар мен авариялар кезінде қажет күштер мен құралдарды барлық жабдықтау түрлері бойынша қысқа мерзімде жұмылдыруды қажет етеді. Осы мәселелерді шешу үшін мемлекеттік ресурстар, қарулы күштердің, басқа да министрліктер мен ведомсволардың күштері мен құралдары пайдаланылады.
Әр табиғи зілзалалар мен аварияларға өзіне тән ерекшеліктері, қирату ауқымы, адамдардан айырылу көлемі және зақымдану сипаты болады. Тұрғындар төтенше жағдайларда әрекет етуге, олардың салдарын жою бойынша жұмыстарға қатысуға дайын болуы, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсете алуы керек.
Табиғи зілзалалар мен авариялардың негізгі залалдану факторлары адам ағзасына механикалық (динамикалық) әсер ету - жарылыс толқыны, ауыр заттардың басып қалуы, қираған ғимараттар мен құрылыстарданшыны сынықтарынан алған жарақаттанулар және т.б.; термиялық әсер ету (жоғары және төмен температура, сәулелік энергия); улы заттармен (хлор, аммиак, көміртегі тотығы және басқалар) химиялық улану, олар құбыр жолдарының жарылуы, олардың сақталу орындарында болған төтенше және басқа жағдайлар кезінде болған бұзылулар нәтижесінде бақылаудан шығып кетуі мүмкін. Сондықтан төтенше жағдайлар кезінде тұтанғыш, жарылу қауіпті және күшті әсер ететін улы заттар болуы мүмкін нысандарға жақын баруға болмайды. Ғимараттың және құрылыстың бұзылуы және зақымдануы кезінде қауіп тек құлайтын қабырғалар мен аражабындардан ғана емес, және де кірпіштер, шынылар, түтін құбырлары, ернеулер, балкондар, маңдайшалар, бағаналар, биік ағаштардан болуы мүмкін. Үзілген сымдарды ұстауға болмайды, өйткені олардан тоқ соғуы мүмкін.
Табиғи зілзалалардан табысты қорғанудың алғышарты олардың пайда болу себептері мен механизмдерін білу болып табылады. Үдерістің мәнін біле отырып, алдын ала болжауға болады. Зілзалаларды заманауи және дәл болжам жасау тиімді қорғанудың алғышарты болып келеді.
СҚО ТЖД ТЖААб бастығы азаматтық қорғау подполковнигі С.С. Ағзамов