Құтқарушылардың жарысы

Құтқарушылардың жарысы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында облыс орталығында шағын футболдан турнир өткізілді.

Турнир ағымдағы жылдың 22 шілдесінде Жеңіс саябағының спорт алаңында өтті.

Жарысқа қалалық өрт сөндіру бөлімшелерінің командалары және «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ ЖҚЖ командасы қатысты.

Жарыс нәтижесінде 1 орынды «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ ЖҚЖ командасы, екінші орынды Петропавл қ. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы, үшінші орынды Петропавл қ. №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы алды.

Жарыс жеңімпаздарына салтанатты түрде грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

 

«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ

ӨСжәнеАҚЖҰБ бастығының м.у.а.

Дархан Дүйсембеков