Шын жүректен рахмет...

Шын жүректен рахмет...

29 шілдеде Типичный Петропавловск паблигинде tipichka_petro  Инстаграмм желісінде зардап шеккен Ирина Шаврина мен Еактерина Полицынаның алғыс сөздері жарияланды, онда  олар СҚО ТЖ департаментінің қызметкерлеріне қиын жағдайда жедел көмек көрсеткен қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.

28 шілдеде сағат 15:00 шамасында «112» телефонына Қызылжар ауданы Желяково селосынан 5 км жерде 2 саңырауқұлақ терушілердің көлігі сынғаны туралы ақпарат келіп түсті.

«... Бүгін біздің көлігіміз Желяково селосының жанындағы орманда  бұзылып қалды. Байланыс болмады.  Жігіттер жедел жұмысқа кірісті, бізбен бірге Соколовка селосынан шықты.  Бізді тез арада тауып, көлігімізді сүйреп апарды»

Құтқару операциясын үйлестірген СҚО ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасының жедел кезекшісі Асқар Ысмағұлов.

И.Шаврина мен Е. Полицына СҚО ТЖД қызметкерлерінің  азаматтық қорғау прапорщигі Дмитрий Дмитриев, № 25 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру бекетінің жүргізушісі-қызметкері Бауыржан Киротаев және «Соколов орман шаруашылығы» КММ орманшы-инспекторы Сергей Хрупиннің кәсібилігі мен жеделдігін ерекше атап өтті.

«Сіздерге қажетті қызметтеріңіз үшін көп рахмет. Тез, жедел және мұқият жұмыс істеген қызметкерлеріңізге шын жүректен рахмет», - деп атап өтті хат авторлары Департаменттің жеке құрамына «...Сіздерге және  сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, бақ-береке тілейміз».

Халық тарапынан жұмыстың осындай жоғары бағасы Департаменттің жеке құрамын жұмыстағы жаңа жетістіктерге, Қазақстан Республикасының халқын табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан қорғау бойынша кәсіби борышын орындауға шабыттандырады!

Сара Ғабдулина

СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы