СҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте табиғи өрттермен шұғыл жағдай жарияланды

СҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте табиғи өрттермен шұғыл жағдай жарияланды

19 шілдеде Петропавл қаласында СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында брифинг өтті, онда табиғи өрттермен шұғыл жағдай қаралды.

Брифингте сөз сөйлеген СҚО ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов мынадай сандарды келтірді: өрт қауіпті кезеңнің басталуымен 750 – ден астам жану жағдайы (шөп, қоқыс, қамыс) тіркелді, оның ішінде жалпы ауданы 34,3 га (Қызылжар – 5; Шал ақын – 4; М. Жұмабаев – 3; Жамбыл – 2; Есіл – 1; Аққайың-1;) 16 орман өрті, 2020 жылы осындай кезеңде 32,68 га алаңда 15 орман өрті болды.

Сонымен қатар, ол 423,2 га алаңда дала жануының 38 жағдайы орын алғанын атап өтті.

«Негізгі себептер - халықтың отты абайсыз пайдалануы; құрғақ өсімдіктерді күйдіру, қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды жағу бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылады. Алдын алу іс-шараларын өткізу мақсатында 47 мобильді топ құрылды (азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері және ЖАО қатарынан), олар 700-ден астам рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 96 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп атап өтті Рамиль Фаткулович.

СҚО ТЖД бастығы тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, табиғатты өрт апатынан қорғауға шақырды.

 

 

СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы,

азаматтық қорғау полковнигі Дмитрий Растихин