Безопасность превыше всего!

Безопасность превыше всего!

Бәрінен бұрын қауіпсіздік!

 

         2021 жылғы 14 шілдеде облыс әкімдігінде облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен 2021 жылғы шомылу маусымынан өту бойынша кеңес өткізілді.

         ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов баяндама жасады, оның барысында ағымдағы жағдай, сондай-ақ 2021 жылғы шомылу маусымын қауіпсіз өткізу бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат жеткізілді. Облыстың су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

         «COVID бойынша қолданыстағы шектеулердің жеңілдеуіне байланысты облыс су айдындары мен демалыс базаларына халықтың үлкен ішкі және сыртқы туризмі байқалады. Шомылу маусымы басталғаннан бері облыс аумағында суда адамдардың қаза болуының 17 жағдайы тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда суға кеткендердің саны 12 адамға немесе 70% - ға артты. Барлық жазатайым оқиғалар шомылуға тыйым салынған жерлерде тіркелген. Бекітілген ортақ су пайдалану ережелеріне сәйкес, «Жергілікті атқарушы органдар орнатпаған демалыс орындарын СҚО су объектілерінде шомылуға, шағын кемелермен және басқа да жүзу құралдарымен жүзуге тыйым салынған орындар деп анықтау» - деп түсіндірді Р. Камалов

         Департамент бастығы Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанына назар аударды.

         Кеңеске қатысушылар облыс аумағында адамдардың қаза болу қаупі жоғары акваториялар Есіл өзені және жиі баратын: Пестрое, Соленое, Лебяжье, Үлкен Тарангул, Шалқар және Имантау көлдері болып табылатынын атап өтті.

         Аталған кеңестің жұмысына полиция департаментінің, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, кәсіпкерлік басқармасының өкілдері, Петропавл қаласы мен облыс аудандарының әкімдері, сондай-ақ мүдделі ұйымдар мен мекемелер қатысты.

         Отырыс қорытындысы бойынша, жалпы талқылау арқылы облыс әкімі барлық деңгейдегі әкімдерге ескерту сипатындағы іс-шаралар санын арттыру, оның ішінде ескерту белгілерін орнату және рейдтер мен патрульдеу бойынша тапсырмалар берді.

 

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД

Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы

подполковник Марат Мұратов