Петропавлда жас құтқарушылар арасында облыстық жарыс өтті

Петропавлда жас құтқарушылар арасында  облыстық жарыс өтті

Петропавлда жас құтқарушылар арасында

облыстық жарыс өтті

 

Петропавл қаласының № 3 өрт сөндіру бөлімінде қатты күлкі мен ән әуендері естілді. Мұнда барлық аудандар мен облыс орталығының оқушылары жиналды. Оған себеп - Солтүстік Қазақстан облысының жас құтқарушылары арасындағы облыстық жарыстар. Жарысты СҚО ТЖ департаменті ұйымдастырды.

Осындай маңызды іс-шараның салтанатты ашылуы 3-ӨСБ аумағында өтті. Қатысушылар алдында СҚО ТЖД бастығының орынбасары, майор Мұрат Қанғожинов құттықтау сөз сөйледі. Ол қатысушыларға сәттілік пен табыс, салауатты спорттық рух және, әрине, жеңіс тіледі: «Сіздер – біздің болашағымыз! Мүмкін сіздердің біреуіңіз құтқарушы мамандығын таңдап, біздің қатарымызға қосылуларыңыз әбден мүмкін».

Жарысқа Аққайың, Қызылжар, Мамлют, Жамбыл, Есіл, М.Жұмабаев, Тимирязев аудандары мен Петропавл қаласының мектептерінен 8 команда қатысты.

Жарыс 5 кезеңнен тұрды: «Визит карточкасы», «Өрт эстафетасы», «Алғашқы көмек көрсету», «Жауынгерлік қанат жаю», «Александровтың ұшын лақтыру». Жанкүйерлер жас құтқарушылардың жетістіктеріне үлкен толқумен және қуанышпен қарады.

Әр команда барлық сынақтармен үйлесімді жұмыс жасады. Дайындық сезілді, өйткені мектеп оқушылары бір ай бойы тәлімгерлерінің қатаң басшылығымен жаттығып, жеңіске ұмтылды. Патриотизм, өз күшіне шексіз сену, командадамен жұмыс істеу, төтенше жағдайларда өзін-өзі басқару қабілетіне - осындай іс-шаралар үйретеді.

Төрешілер алқасы жалпы командалық есепте 1 орын алған ең жылдам және епті жігіттерді анықтады. Олар М.Жұмабаев ауданының «Жас ұлан құтқарушысы» жас құтқарушылар командасы болды, Аққайың ауданының «Агенттер 112» командасына 2-орын, Жамбыл ауданының «Барыс» командасына 3-орын берілді.

Чемпионаттың барлық қатысушылары грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шаршаған, бірақ бақытты балалар ТЖ қызметкерлерімен ұжымдық сурет  жасады. Ұйымдастырушылардың арқасында оқушылар өздерін нағыз құтқарушы, әрдайым көмекке келетін батырлар сияқты сезіне алды.

 

 

СҚО ТЖД ТЖ жою бөлімінің бастығы

азаматтық қорғау полковнигі                                      Серік Наурызбаев