Мемлекеттік қызметшінің салтанатты түрде ант қабылдауы

Мемлекеттік қызметшінің салтанатты түрде ант қабылдауы

 

Мемлекеттік қызметшінің салтанатты түрде ант қабылдауы

 

         Мемлекеттік қызмет – бұл болашаққа деген сенім, тұрақтылық. Қызметке алғаш рет кіретін мемлекеттік қызметшілер үшін ант қабылдау - бұл олардың мансабындағы маңызды және жауапты сәт.

         Осыған байланысты 2021 жылғы 01 маусымда мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде тылдық қамтамасыз ету тобының бас маманы Әлихан Досымовтың салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті. Ол үшін, мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш қабылданған қызметкер ретінде, бұл оқиға өмірде қызықты және маңызды болды.

         Салтанатты антты департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Фаткулович Камалов қабылдады. Осылайша, Әлихан Досымов ҚР Конституциясы мен ҚР заңнамасын сақтауға, халыққа адал және кәсіби қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.

         Департамент бастығы жаңадан құрылған мемлекеттік қызметшіні сынақ мерзімінен сәтті өтуімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің ант қабылдауымен құттықтады.

         Күн сайын адал ниетпен өз міндеттерін орындай отырып, өзіне берілген сенімді ақтауға тілектестік білдірді, сондай-ақ жұмыста үлкен табыстар тіледі.

 

 

         СҚО ТЖ департаментінің

         КСБ бастығының міндетін уақытша атқарушы

         азаматтық қорғау подполковнигі                                       Нариман Ашамаев