«Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы тағайындалды

«Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің  Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы тағайындалды

«Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы тағайындалды

 

 

         Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Юрий Ильиннің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 171 ж/қ бұйрығымен «Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы лауазымына азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Сейітжанұлы Нүкішев тағайындалды.

Бұдан бұрын Нұрлан Сейітжанұлы Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қадр басқармасының бастығы болып қызмет атқарды.

         Өртке қарсы қызмет органдарында 1996  жылдың қыркүйек айынан  бастап қызмет атқарып келеді, әр түрлі орта және жоғары басшы құрам лауазымдарында қызмет атқарды.

ІІІ, ІІ, І дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан полициясына 25 жыл» төс белгілерімен,  «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі  төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерейтойлық медальдармен марапатталған.

 

 

«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ

қоғаммен байланыс тобы