Бәрінен бұрын қауіпсіздік!

Бәрінен бұрын қауіпсіздік!

Бәрінен бұрын қауіпсіздік!

 

         2021 жылғы 25 мамырда облыс әкімдігінде облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалық етуімен 2021 жылғы шомылу маусымына дайындық және оны өткізу бойынша кеңес өткізілді.

         ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов баяндама жасады, оның барысында ағымдағы жағдай, сондай-ақ 2021 жылғы шомылу маусымына дайындық және оны қауіпсіз өткізу бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы ақпарат жеткізілді. Облыстың су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

         «Облыс аумағында 60-қа жуық өзен, 2 мыңнан астам көл және жүз қазаншұңқыр бар екенін назарға алған жөн.

         Бұл ретте облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес 12 көл мен Есіл өзенінде орналасқан 58 жерде ғана шомылуға рұқсат етілген.

         Сонымен қатар, облыстық мәслихат бекіткен ортақ су пайдалану ережелеріне сәйкес, «Жергілікті атқарушы органдар белгілемеген демалыс орындары СҚО су объектілерінде шағын көлемді кемелерде және басқа да жүзу құралдарында шомылуға, жүзуге тыйым салынғандар болып белгіленсін», - деп түсіндірді Р.Камалов.

         Кеңеске қатысушылар облыс аумағында адамдардың қаза болу қаупі жоғары акваториялар Есіл өзені және жиі баратын: Пестрое, Соленое, Лебяжье, Үлкен Таранғұл, Шалқар және Имантау көлдері болып табылатынын атап өтті.

         Аталған кеңестің жұмысына полиция департаментінің, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Көліктік бақылау инспекциясының, Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, сондай-ақ Петропавл қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.

         Отырыс қорытындысы бойынша, жалпы талқылау жолымен бірқатар шешімдер қабылданды, олар кейіннен шомылу кезінде де, балық аулау кезінде де облыстың су айдындарындағы оқиғаларды азайтуға ықпал етеді.

 

        

         Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД

          Азаматтық қорғаныс басқармасы