«Фронт-офис» - азаматтық қорғау органдары қызметінің ашықтығы мен айқындығы үшін басты өлшемшарт.

«Фронт-офис» - азаматтық қорғау органдары қызметінің ашықтығы мен айқындығы үшін басты өлшемшарт.

«Фронт-офис» - азаматтық қорғау органдары қызметінің ашықтығы мен айқындығы үшін басты өлшемшарт.

 

 

         2021 жылдың 01 мамырынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде азаматтарды қабылдау бойынша «Фронт офис-Адалдық алаңы» өз жұмысын бастады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»тұжырымдамасы тармақтарының бірін орындау мақсатында.

         Фронт кеңсенің ашылуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Азаматтардың азаматтық қорғау органдарына сенімін арттыру, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайту және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою.

         Азаматтарды қабылдау бірнеше бағыт бойынша жүргізіледі: өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтық қорғаныс, кадр саясаты желісі бойынша. Азаматтарға нормативтік-құқықтық база бойынша түсініктеме беріледі, оларға ТЖ органдарына жұмысқа қабылдау және ҚР ТЖМ КТИ түсу қағидалары бойынша консультация беріледі.

         Азаматтар үшін барлық жағдай жасалған, фронт-офис барлық қажеттіліктермен жабдықталған, бейнебақылау жүйесі бар, барлық санитарлық – эпидемиологиялық нормалар сақталған. Фронт кеңсенің жұмысы азаматтардың өтініштері мен арыздарын қарау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді.

 

Саян Балахметов, СҚО ТЖД

Кадр саясаты басқармасының аға инспекторы,

азаматтық қорғау аға лейтенанты