Су тасқыны кезеңінде Петропавлда жедел әрекет етуге арналған СҚО ТЖД тобының күштері мен құралдары қаралды

Су тасқыны кезеңінде Петропавлда жедел әрекет етуге арналған СҚО ТЖД  тобының күштері мен құралдары қаралды

Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы аумағында су тасқыны жағдайы туындаған кезде жедел әрекет етуге арналған СҚО ТЖД тобының күштері мен құралдары қаралды. Аталған іс-шараны өткізу барысында ТЖ Департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Урал Әбдірахманов, ТЖ жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Серік Наурызбаевпен және құрылымдық бөлімшелердің өкілдерімен бірге командирлермен және мамандармен жеке танысып, олардың мақсаты бойынша іс-қимылдарға дайындығы туралы баяндамалар қабылдады. Урал Мұттахиденұлы техниканың, жабдық пен жарақтың жинақтылығы мен жарамдылығына, оның параметрлерінің қойылған мақсаттарға сәйкестігіне назар аударды.

«Су тасқыны қаупіне жедел әрекет ету үшін облыста Департаменттің күштері мен құралдары тобы құрылды, оның құрамына өрт сөндіру бөлімдері мен жедел құтқару жасағының қызметкерлері кірді. Барлығы 7 негізгі топ құрылды, олар алдын ала облыс аудандарындағы неғұрлым қауіпті учаскелерге бағытталатын болады.

Олардың құрамында 32 бірлік арнайы техника, жеке құрамнан 160 адам бар. Әрбір топтамада жарақтандыруда жүзу құралдары,су сору техникасы( 42 бірлік мотопомпа), қажетті шанц құралы бар. Жеке құрам комбинезон және құтқару кеудешелері түріндегі қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді», - деп түсіндірді СҚО ТЖД басшы құрамының өкілі.

Сондай – ақ, ол өзара іс-қимыл аясында су тасқынына қарсы іс-шараларға Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін - ә /б 6637 жеке құрамнан саны 60 адам және 3 бірлік техника тарту көзделгенін атап өтті.

«Бұл топтармен көктемгі кезеңдегі қауіптердің алдын алу және жою бойынша іс-шаралар, облыстың су акваторияларына, оның ішінде Айыртау және Ғ.Мүсірепов аудандарының шағын өзендеріне мониторинг жүргізілетін болады. Қажет болған жағдайда олар мұзды ұсақтау, эвакуациялық іс - шаралар, суды сору арқылы мұз кептелісі мен қысылуын жою жұмыстарын жүргізеді», - деп Урал Әбдірахмановтың  сөзін Серік Наурызбаев толықтырды.

Сондай-ақ, жою бөлімінің бастығы еріген қар суларының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету және тұрғын үйлер мен аулалық құрылыстарды су басудың алдын алу үшін облыстың елді мекендерінің жеке секторы тұрғындарының меншікті және іргелес аумақтарын, нөсер және кюветтерді тазарту қажеттігін атап өтті.

 

 

СҚО ТЖ департаментінің ТЖ

жою бөлімінің аға инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты                                    Әсел Сүйіндікова