СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде су тасқыны кезіндегі ТЖ алдын алу бойыншабрифинг өткізілді

СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде  су тасқыны кезіндегі ТЖ алдын алу бойыншабрифинг өткізілді

 

«Алдағы көктемгі су тасқынының болжамы қандай? СҚО ТЖ департаменті, азаматтық қорғау қызметтері, жергілікті атқарушы органдар осы кезеңде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қандай шаралар қолданады?», - осы және басқа да көптеген сұрақтарға өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте спикерлер тілшілерге жауап берді.

         Бірінші сөз «Қазгидромет» РМК СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Наталья Левинаға берілді. Ол жақын арадағы және келешектегі метеожағдайды түсіндірді, бұл ретте облыс аумағында оң температуралардың басым болуын және қазір байқалып отырған топырақтың қатуын атап өтті.

         Брифинг барысында облыс орталығы аумағындағы су тасқыны жағдайын Департамент бастығының орынбасары майор Мұрат Қанғожинов БАҚ өкілдерінің назарына жеткізді. Ол Есіл өзені мен облыстың су айдындарында көктемгі су тасқыны кезінде ТЖ алдын алу, су басуды болдырмау бойынша жергілікті атқарушы органдар қабылдап жатқан шараларды атап өтті.

         «Соңғы жылдары өңірде су тасқынына қарсы іс-шаралардың үлкен көлемі жүзеге асырылды, олардың арқасында 160-тан астам елді мекеннің қауіп-қатері қорғалып, төмендетілді (13 су өткізу құбыры орнатылды, 500 метрден астам салынды және 5,5 км-ден астам топырақ үйінділері нығайтылды. Бұдан басқа, су басуға аса бейім учаскелерде 119 км астам топырақ үйінділері мен 7,5 км қорғаныш үйінділері салынды», - деп Мұрат Серікұлы деректерді келтірді. Сондай-ақ, Департамент бастығының орынбасары СҚО ТЖ департаментінің тобы құрылып, тұрақты дайындыққа келтірілгенін, су басу қаупі туындаған жағдайда эвакуацияланатын халықты уақытша орналастырудың 325 пункті дайындалғанын атап өтті.

         Сондай-ақ, 15 наурыздан бастап облыс аумағында Айыртау, Тайынша, Уәлиханов және Ғ.Мүсірепов аудандарының 14 проблемалық учаскесінде кептелістердің алдын алу мақсатында 4630 шаршы метрге жарылыс жұмыстары жүргізілгені атап өтілді.

         Брифингте М. Жұмабаев атындағы аудан әкімінің орынбасары сөз сөйледі. Серік Құсанов, тілшілерді аудан орталығы - Булаев қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілетіні туралы хабардар етті.

 

 

         СҚО ТЖ департаментінің алдын алу бөлімі