Түсіндірме жұмысы: COVID-19 коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация

Түсіндірме жұмысы: COVID-19 коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация

Халық денсаулығы – Қазақстанның  болашағының негізі. Күштер құрылымдары қызметкерлерінің денсаулығы өте маңызды, себебі олар әрқашан жауынгерлік дайындықта. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен жұмысшылары арасында  коронавирустық  инфекцияны алдын алу және болдырмау мақсатында, 2021 жылғы 01 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының  Төтенше жағдайлар департаментінде СҚО әкімдігінің СҚО ДСБ «№2 қалалық емхана» ШЖҚ КМК өкілі, дәрігер-эпидемиолог Фарида Ақмұрзақызы Мұхамеджанованы шақырту арқылы COVID-19 коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Облыстың медициналық мекемесінің өкілі, профилактикалық емшараға қатысты нормативтік құжаттарды, сонымен қатар вакцинациялауға медициналық қарсы көрсеткіштер тізімін атап өтті, короновирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды енгізудің механизмі мен оның тактикасы туралы айтты.

Бұған қоса, иммундау алдында медициналық қызметкерлердің азаматтардан сауалнама және ақпарат алатындарын ескертті және басқа да маңызды жайттар туралы айтты. 

         Семинарға Департамент аппаратының қызметкерлері, Петропавл қ. ТЖ басқармасының қызметкерлері, бейне байланыс  режімінде – СҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ аппаратының және аудандық бөлімшелер қызметкерлері қатысты.

 

          Нурлан Нүкішев,

СҚО ТЖД КСБ бастығы

азаматтық қорғау полковнигі