2021 жылғы 11 ақпанда Булаево аудан орталығында 4 адамның қайтыс болуымен болған өрт туралы ҚР ТЖМ СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты

2021 жылғы 11 ақпанда Булаево аудан орталығында 4 адамның қайтыс болуымен болған өрт туралы ҚР ТЖМ СҚО Төтенше жағдайлар  департаментінің ақпараты

2021 жылғы 11 ақпанда сағат 07:02-де СҚО ТЖД жедел кезекшісіне 112 телефонына М. Жұмабаев ауданы Булаев қаласы Степная көшесі 31 мекенжайы бойынша жеке тұрғын ағаш үйдегі өрт туралы ақпарат келіп түсті. Көршілердің айтуынша, үйде  отбасы тұрып жатқан.

ТЖ орнына өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру қарауылы шықты, ол дереу өртті сөндіруге кірісті. Өрт сөндіру бөлімшесі келген сәтте үйдің төбесі ашық жалынмен жанып жатқан. Көп ұзамай үйде газ баллоны жарылып, төбесі құлаған.

Өртті жою барысында төрт адамның жансыз денелері табылды: ер адам, үй иесі, 1993 ж.т., оның жұбайы, 1992 ж. т., олардың ұлы,  және 2017 ж. т.  әйел (жеке тұлғасы анықталуда).

Өрт 09 сағат 03 минутта ауыздықталып, 13 сағат 54 минутта сөндірілді.

Өртті сөндіруге СҚО ТЖД және «ӨСжАҚЖҚ» ММ жеке құрамынан 3 техника мен 11 адам жұмылдырылды.

Өрттің салдарынан үй толығымен өртенді.

Себеп пен материалдық залал анықталуда. Қайтыс болғандардың туыстарына психологиялық көмек көрсетіледі.

М.Жұмабаев ауданында ТЖ бөлімі және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жылыту кезеңінің басынан бастап 7 мың адамды қамти отырып, 3 мың 638 тұрғын үйді аралап, 6 мың 631 үгіт материалдарын таратты. Көрсетілген мекенжай бойынша тұрғын үй секторын аралау 2020 жылғы желтоқсанда және 2021 жылғы қаңтарда жүргізілді.

Жылыту кезеңінің басынан бастап СҚО ТЖ Департаменті жергілікті атқарушы органдармен, волонтерлермен, жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, облыстың елді мекендерінің тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу бойынша айтарлықтай профилактикалық жұмыс жүргізіп жатқанын айту қажет. 113 мың 523 адамды қамти отырып, 45 мың 847 тұрғын үйлерді аралау жүргізілді, Өрт қауіпсіздігі қағидаларын түсіндіретін 90 мыңнан астам жадынама таратылды. Ағымдағы жылдың 05 ақпанынан 05 наурызына дейін өрт қауіпсіздігі айлығы жарияланды.

Өрттер мен адамдардың өліміне жол бермеу мақсатында СҚО ТЖ Департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін елемеу қаупі туралы ескертеді: отты абайлап ұстаңыз, пештер мен электр жабдықтарын пайдалану кезінде ӨҚЕ сақтаңыз. Есіңізде болсын: оларды сақтамау қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін!

 

СҚО ТЖ департаментінің

жұртшылықпен байланыс тобы