Солтүстік Қазақстан облысының аумағында су тасқыны кезеңіне дайындық

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында  су тасқыны кезеңіне дайындық

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары бірнеше рет су тасқынына тап болды және су тасқыны не екенін өз тәжірибесінен біледі. Сондықтан облыс аумағындағы осы табиғи құбылысқа қатысты жағдай СҚ ТЖ Департаменті және жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында.

Алдағы су тасқыңы кезеңіне дайындық аясында Аққайын, Тайынша, Шал ақын, Ғ. Мүсірепов, Айыртау, М.Жұмабаева, Тимирязев және есіл аудандарында жұмыс сапарымен СҚО ТЖД бастығының орыбасары майор Мұрат Қанғожинов болып қайтты.

Ол су тасқынына қарсы іс – шараларды өткізуде аудан әкімдерімен және жауапты тұлғалармен кездесті. Кездесулерде аудан аумағында су тасқынының қауіпсіз өтуінің өзекті мәселелері, жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғау қызметтері және құралымдарының осындай қауіпті кезеңде ТЖ алдын алуға, сондай – ақ халықтың қауіпсіз тыныс – тіршілігін қамтамасыз етуге дайындығы талқыланды.

Сондай-ақ, Тайынша ауданының Шағалы өзеніндегі су өткізу құрылыстарын, Аққайын ауданының Смирново, Рублевка, Аралағаш, Шал ақын ауданының Ақан Барақ және Городецкое ауылдарының қорғаныш үйінділерін, Ғ.Мүсірепов ауданының «Екатеринбург-Алматы» М-36 Республикалық маңызы  бар автожолының 769 км Есіл өзені арқылы өтетін авариялық көпірді тексерді. Ауыр инженерлік техниканы қарап шығу жүзеге асырылды, аудан аумағындағы су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуы кезінде халықты сенімді қорғау мәселелері бойынша ұсынымдар берілді.

Сапар барысынды Департамент бастығының орынбасары жергілікті атқарушы органдардың су тасқыны кезеңіне дайындығы тиісті деңгейде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Елді мекендерден қар шығарылуда инертті материалдар дайындалуда, өзеңдерде жарылыс жұмыстарын жүргізуге және инженерлік техниканы жалға алуға ниіт білдіру шарттары жасалып жатыр. Бұд бағыттағы жұмыс жалғасады және СҚО ТЖД тұрақты бақылауында болады.

«Тек уақытылы қабылданған шаралар ғана халықты сенімді қорғауға, ықтимал ТЖ дамуына жол бермеуге қабілетті. Ең бастысы – су тасқыны қаупін азайтып, ауылдардың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету» - деді Мұрат Қанғожинов.

 

СҚО ТЖ Департаментінің

ТЖ алдын алу бөлімінің бас маманы

азаматтық қорғау майоры И. Онищенко