Петропавлда қыс мезгіліндегі СҚО-да ТЖ алдын алу және өрттердің шұғыл жағдайын жарықтандыру тақырыбы бойынша брифинг өтті

Петропавлда қыс мезгіліндегі  СҚО-да ТЖ алдын алу және өрттердің шұғыл жағдайын жарықтандыру тақырыбы бойынша брифинг өтті

21.12.20 ж. СҚО ТЖ департаментінде брифинг өткізілді, онда СҚО-дағы өрттермен жедел жағдайды жариялау және қысқы кезеңде ТЖ алдын алу мәселелері қаралды.

Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Серік Наурызбаев журналистердің назарына Департаменттің 2020-2021 жж.қысқы кезеңге дайындығы туралы мәліметті жеткізді, ауа-райы шиеленіскен және халыққа көмек көрсетілген жағдайда облыстың қар басып қалатын аудандарында шоғырланған 39 бірлік жоғары өтімді техника дайындалғанын, әзірлікте 14 мобильді іздеу тобы бар, олардың жарақтандыруында 28 қарда жүргіш бар екенін атап өтті.

«Қысқы жолдарда сақ болыңыз. Қыста жолға шыққанда мұқият жоспарлаңыз және егжей-тегжейлі ойлаңыз. Төтенше жағдайда әрбір ұсақ-түйек маңызды! Метеорологиялық мәліметтерді тыңдап, ауа-райының өзгеруін бақылауға тырысыңыз. Өзіңіздің және жақындарыңыздың өміріне қауіп төндірмеңіз!»,- деді Серік Қайратұлы.

Одан кейін сөз алған Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Урал Әбдірахманов облыстағы өрт жағдайын сипаттайтын келесі сандарды ұсынды: «Жыл басынан бері 122 млн.теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірген 686 өрт тіркелді. Бұл ретте көп өрт тұрғын үй секторына келді. Онда 47 адам қаза тапты, 19 адам жарақат алды, 67 адам құтқарылды.

Ол өрттің басым көпшілігінің себебі адам факторы болып табылатынын атап өтті: отты абайсыз пайдалану, электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану қағидаларын, пештерді орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу.

Департамент бастығының орынбасары ескертуге егжей-тегжейлі тоқталды. «Департамент өрттерде адамдардың қаза болуын, сондай-ақ улы газбен улануды болдырмау мақсатында жергілікті атқарушы органдарды, волонтерлерді, үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, халық арасында профилактикалық жұмыс жүргізуде. Жылыту кезеңінің басынан бері 84 мыңнан астам адамды қамти отырып, 35 мыңға жуық аулаларды аралау жүргізілді, өртке қарсы тақырыпта үгіт-профилактикалық материалдың 72 мыңнан астам парақшасы таратылды», - деп түсіндірді Урал Мұттахиденұлы.

Сондай-ақ, брифингте Департаменттің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Николай Белоусов сөз сөйледі. Ол демалыс және мереке күндеріндегі өрттерді жою фактілері, өрттерді сөндіру кезінде туындайтын қиындықтар туралы егжей-тегжейлі айтып берді, ақаулы газ жабдықтарын пайдалану қаупі туралы, өрт және ТЖ қаупі немесе туындауы кезінде 101 және 112 телефондарына қоңырау шалу қажеттігін  еске салды.

 

СҚО ТЖ департаментінің

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы