«Жұқа мұз!» Республикалық акциясы

«Жұқа мұз!» Республикалық акциясы

Балық аулау – табиғатқа шығып, таза ауамен дем алып, адреналин қуатын алып, балық қабуынан жағымды сезімге ие болатын, дем алудың керемет бір түрі. Судағы оқыс оқиғаларды болдырмау мақсатында 09 желтоқсаннан бастап «Жұқа мұз» акциясы бастау алды.

СҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қыс мезгілінде судағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шараларын жүзеге асырады. Осылайша, ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні күні Жедел-құтқару жасағының қызметкерлерi Төтенше жағдайлар Департаментімен бірлесе облыс орталығының су айдындарында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында жергiлiктi «Qyzyljar» телеарнасының тiлшiлерiмен мұз астынан балық аулау орындарында Есіл өзенінде кезектi рейд өткiздi.

Рейд барысында құтқарушылар балықшыларға ауызша айтылған және таратылған үнпарақтарда жазылған қарапайым қауіпсіздік ережелерін ескертіп, зардап шекккен адамға қалай көмек көрсету екендігін көрсетті. Қауіпсіздік ережелерін тағы бір рет еске салсақ:

  • балық аулауға шығар алдында туған-туысқандарыңызға, таныстарыңызға өз бағыт бағдарыңыз және шамамен қай кезде келетініңізді айта кеткен жөн.
  • өзіңізбен бірге оқталған ұялы телефонды да бірге ала жүріңіз;
  • ерекше көңілді қысқы мезгілде су айдынына шыққан кезде құтқару құралдарының болуына назар аударыңыз-бұл ыңғайлы сабы бар екі ұшталған металл істік. Бұл құтқару құралының саптары бір-бірімен бір жарым метрдей жіппен байланысқан. Егер де балықшы мұз астына батып кеткен болса, осындай құралдар арқылы күшпен оны мұзға қадау арқылы өзбетінше мұздан шыға алады;
  • сонымен қатар мұздың қалыңдығы және беріктігі барлық жерде біркелкі емес. Жағада, ағысты жерлерде, өзендердің қосылу және олардың көлдерге құйылу жерлерінде, иілім жерлерде, өзен айналмасы, мұзға қатқан затардың маңайында мұз жұқа болып табылады. Сонымен қатар жұқа мұзбен және қармен жабылған жылымдар, ойықтар, жарықтар, шұңқырлар қауіп-қатер туғызады.

Аталған профилактикалық іс-шаралардың өткізілуі азаматтарға демалыстарын дұрыс ұймдастыруға, сонымен қатар бақытсыз жағдайларды азайтуға мүмкіндік береді. – Біздің міндет – балықшыларға мұз үстіндегі қауіпсіздіе ережелерін ескерту және қайғылы оқиғаларды болдырмау.

Жедел-құтқару жасағы су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау және қарапайым сақтық ережелерін қадағалау - Сіздің қауіпсіздігіңіздің негізі екендігін ескертеді.

 

«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ

Жедел-құтқару жасағы