Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шаралары мен заңдылық қағидаттарын сақтау мәселелері қаралды. Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті. Іс-шараға СҚО ТЖД қызметкерлері және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Сұлтанбек Сакибаев қатысты. Кездесу барысында инспекторлық құрамның лауазымды тұлғалары шешім қабылдау кезінде заңдылық, объективтілік және бейтараптық қағидаттарын сақтау мәселелері қаралды. Атап айтқанда, нысандардың өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы қорытындылар беру кезінде заң талаптарын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөніндегі талаптар түсіндірілді. Кеңес қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шараларын жетілдіру және СҚО ТЖД-дегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың тиімділігін арттыру бағыттары айқындалды. Іс-шара «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында өткізілді.