
Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасында хостелдер, жатақханалар мен қонақүйлердің өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша кеңес өтті.
Іс-шараға Төтенше жағдайлар департаментінің, Кәсіпкерлер палатасының, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ орналастыру нысандарының иелері мен басшылары қатысты.
Қатысушылар өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын, эвакуациялық шығу жолдарының жай-күйін, өртке қарсы қорғау жүйелерінің, электр желілері мен жабдықтардың жарамдылығын талқылады.
Балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Нысандар өкілдеріне қауіпсіз тұру жағдайларын қамтамасыз ету, балалардың ашық терезелерге еркін қол жеткізуіне жол бермеу және оларды қорғау бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттігі ескертілді.
Персоналға нұсқама өткізудің, өрт сөндіру құралдарын тұрақты дайындықта ұстаудың және анықталған бұзушылықтарды уақтылы жоюдың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Кеңес «Жатақхана» республикалық профилактикалық акциясы аясында өткізіліп, төтенше жағдайлардың алдын алуға және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.