
Өңір тұрғындарына ТЖД бөлімшелеріндегі қызмет пен өзекті бос жұмыс орындары туралы ақпарат берілді.
Еңбек күнін мерекелеу аясында Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Іс-шараға келушілер ТЖД бөлімшелеріндегі өзекті бос жұмыс орындарымен, қызметке қабылдану тәртібімен, кандидаттарға қойылатын талаптармен және жұмысқа орналасу шарттарымен танысты.
Департамент қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді және азаматтық қорғау органдарындағы қызметтің ерекшеліктері туралы айтып берді. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысу еңбектің беделін арттыруға, білікті кадрларды тартуға және азаматтарға ТЖМ жүйесінде кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат беруге бағытталған.