
Қатысушылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде шағымдарды қарау тәртібін талқылады.
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің анықтау бөлімі Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің бастықтары мен штаттық анықтаушыларына арналған Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 105-бабы тәртібінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде келіп түсетін шағымдарды қарау мәселелері бойынша семинар өткізді.
Семинарға сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасының өкілі қатысты. Іс-шара барысында қатысушыларға сотқа дейінгі іс жүргізуде өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын адамдар берген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың, анықтау органы бастығының және прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне қатысты шағымдарды қарау тәртібі түсіндірілді.
Семинар-сабақ барысында аталған шағымдарды қараудың жекелеген аспектілері қаралып, оларды қарау барысында туындайтын мәселелер талқыланды.