
Құтқарушылар балаларға қауіпсіз мінез-құлық ережелерін үйретіп, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдауда.
Солтүстік Қазақстан облысының балабақшаларында СҚО ТЖД қызметкерлері балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізуде. Балаларға түсінікті әрі ойын түрінде өрт қауіпсіздігі ережелері, өрт туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі, құтқарушыларды шақыру жолдары, сондай-ақ сіріңкемен және электр құралдарымен ойнаудың қауіптілігі түсіндіріледі.
Балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алуға ерекше назар аударылады. Балаларға ашық терезеге жақындауға, терезе алдына шығуға және терезе ойықтарының маңында ойнауға болмайтыны түсіндіріледі. Профилактикалық жұмыс аясында балалардың өздігінен ашуына жол бермейтін арнайы блокаторлар балабақша топтарының терезелеріне орнатылған.
Өткізілетін іс-шаралар балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және сонымен қатар ықтимал төтенше жағдайлардан қорғаудың қосымша шараларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.