Газ жабдықтарын техникалық тексеру

Газ жабдықтарын техникалық тексеру

Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті газ жабдықтарына техникалық тексеру жүргізді.

Қауіпсіз пайдаланудың басты шарты: газ жабдықтарын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау – Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті жүргізетін алдын алу жұмыстарының басым бағыты. Газ жабдығын пайдалануға енгізер алдында оның техникалық жай-күйі мен қауіпсіз пайдалануға дайындығын бағалау мақсатында техникалық тексеру жүргізіледі.

Техникалық тексеру барысында жабдықтың жұмысқа жарамдылығы, негізгі тораптар мен қосылыстардың жай-күйі, жабу және реттеу арматурасының, бақылау-өлшеу аспаптары мен қауіпсіздік құрылғыларының жұмыс істеу қабілеті, сондай-ақ жабдықтың қауіпсіздік жөніндегі белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріледі.

Техникалық құжаттаманың болуы мен тиісті түрде ресімделуіне, сынақтар мен тексерулердің нәтижелеріне, сондай-ақ жабдықты пайдалануға жауапты қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын сақтауына ерекше назар аударылады.

Жабдықты пайдалануды жалғастырудың орындылығы техникалық тексеру нәтижелері негізінде айқындалады. Егер ақаулар немесе қауіпсіздік талаптарының бұзылуы анықталса, олар жойылмайынша жабдықты пайдалануға тыйым салынады.

Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті газ жабдықтарын уақтылы техникалық тексеру және тиісті түрде күтіп ұстау апаттардың алдын алуға және жұмысшылар мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетінін барлығына еске салады.

Газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану — оны пайдалануға қатысатын жұмыс берушілердің, мамандар мен жұмыскерлердің ортақ жауапкершілігі.