
Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында семинар-кеңес өткізілді.
Іс-шара барысында қызметкерлердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптары қаралып, мемлекеттік қызметтерді көрсету және оларды қолдануға қатысты практикалық мәселелер талқыланды.
Күнделікті қызмет барысында заңнама нормаларын дұрыс қолдануға, сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Іс-шара іскерлік әрі сындарлы жағдайда өтті. Қатысушылар қаралған мәселелер бойынша белсенді пікір алмасып, оларды іс жүзінде іске асырудың өзекті тұстарын талқылады.
Семинар-кеңес соңында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптар мен тиісті түсіндірмелер алды.
Мұндай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жетілдіруге және Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.